Кәсіптік бағдар беру жұмысы

7 сәуірде оқытушылар Ю.В. Матвиенко, Ю. В. Щукин, А. А. Шаракулова Қостанай және Меңдіқара аудандарының мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы келесі мектептерді қамтыды: “Владимиров жалпы білім беретін мектебі” КММ; “Ғаббас Жұмабаев атындағы Бурабай мектеп-гимназиясы” КММ; “Бурабай облыстық санаториялық мектеп-интернаты” КММ; “Первомай жалпы білім беретін мектебі” КММ.

Оқытушылар колледждегі мамандықтар, құжаттарды қабылдау ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, колледж туралы имидждік бейнероликтер мен презентациялар көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратты.

Мектеп түлектері қызығушылық танытып, көптеген сауалдар қойды, атап айтқанда оқу ақысы, спорт секцияларымен қамту, жұмысқа орналасу және басқа да сұрақтар төңірегінде әңгімелер қозғалды.

Ю.В.Матвиенко

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
158 queries