“Депрессия, шығу жолдары”

     29.04.2021 жылы “Біз біргеміз” отбасылық клубының жұмысы аясында “Депрессия, шығу жолдары”тақырыбында онлайн форматта кеңес берумен психологиялық тренинг өтті.

     Тренингке колледж студенттерінің келесі топтардың ата-аналары қатысты: ТЗ-25, ТЗ-26, ТП-26, ТП-27, ТП-28, ХП-19, ХП-20, ЭМ-6, ЭМ-7, ЭБ-16, ЭС-17, ЭС-18, Э-12.

     Іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі депрессияның белгілерін тануға үйрету, ата-аналарды стресстік және депрессиялық жағдайлардан шығуға үйрету болды.

    Әңгіме барысында ата-аналарға депрессия, депрессияның пайда болу себептері туралы айтылды. Ата-аналар тренингке белсенді қатысты, сұрақтарға жауап берді, депрессия жағдайынан шығу тәжірибесімен бөлісті.

    Тренинг соңында ата-аналарға депрессия жағдайынан шығу туралы ұсыныстар берілді.

     Жасөспірімдердегі депрессияның алдын алу бойынша ата-аналарға ұсыныстар:

* балаларды өздері қандай сол қалпында қабылдаңыз;

* баламен сөйлесіңіз, оның жағдайы туралы сұрақтар қойыңыз, болашақ туралы сөйлесіңіз, жоспар құрыңыз;

* жасөспірімдердің қызығушылығына назар аударыңыз;

* балаңызға күн тәртібін сақтауға үйретіңіз;

* балаңызға ересектермен және құрдастарымен сындарлы қарым-қатынас жасауды үйретіңіз;

* балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз – сәтті, сергек, ақкөңіл. Бұл салыстырулар жасөспірімнің өзін-өзі төмен бағалауын күшейтеді. Сіз тек жасөспірімді-бүгінгі жасөспірімді-кешегі жасөспіріммен салыстырып, ертеңгі жасөспірімнің оң бейнесін жасай аласыз.

* егер сіз кенеттен жасөспірімнің мінез – құлқындағы өзгерістерді байқасаңыз, сіз түсіндіре алмайтын болсаңыз, кеңес алу үшін маман-психологқа, психотерапевтке жүгінуіңіз керек.

 

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
137 queries