Қостанай жоғары поилтехникалық колледжіндегі Ашық есіктер күні

   11.03.2021 ж. Қостанай жоғары политехникалық колледжінде онлайн тәртібінде Ашық есіктер күні өтті.

     Аталған іс-шараның мақсаты оқыту профилін таңдау және болашақ мамандығының саласын анықтау бойынша білім алушыларға кәсіп таңдауда қолдау көрсету болып табылады. 

    Кездесуге Қостанай қаласы мен Қостанай облысы мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары қатысты.

     Виртуалды кездесу барысында колледждің жетекші оқытушылары болашақ абитуренттерге дайындық бағыттары мен колледждегі білім беру бағдарламалары, оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жұмысқа орналасу перспективалары мен мүмкіндіктері туралы айтты, бейнематериалдар көрсетілді, оларда студенттердің мамандықтар бойынша өздерінің білім мен дағдыларын көрсетті, абитуренттер мен олардың ата-аналарының өзекті сұрақтарына жауап берді.  

   Вискуп Артем, студенттердің өзін өзі басқару ұйымының көшбасшысы, оқушыларға колледждің негізгі басымдылықтары, студенттер үшін ғылыми, шығармашылық, спорттық және басқа салалар бойынша халықаралық дамыту туралы айтты.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
124 queries