«Кәсіби маман – ғылымға бастау. Мамандықтар әлемі» кәсіби бағдар беру онкүндігінің ашылуы

01.03.2021 жылы Қостанай жоғары политехникалық колледжінде онлайн тәртібінде  кәсіби бағдар беру онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті.  

Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге оқу профилін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау барысында кәсіптік бағдар беру болды;

Кездесуге Рудный қаласы мен Қостанай облысының орта мектептеріндегі 9 және 11 сынып мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Колледж студенттері шараның салтанатты ашылуын дайындады және өткізді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Щербакова  Ирина Альбертовна құттықтау сөз сөйлеп, мамандық таңдау әр адамның ересек өмірін анықтайтын қадам екеніне тоқталды және жиналғандардың барлығын Ризашылық күнімен құттықтады.

Колледж оқытушылары студенттерді колледж мамандықтарымен таныстырды, студенттер колледждегі студенттерге мамандықтар бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсеткен видеоматериалдарды көрсетті.

Мурзагалиева Дана Сейтбековна, жастар ісі жөніндегі инспекторы мектеп оқушыларын кәсіби бағдар беру онкүндігі аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспарымен таныстырды:

  • Кәсіби бағдар берудің онлайн-десант: – «Мамандықты қалай таңдайға болады» 9-11 сынып оқушыларына арналған жадынамалар
  • Өз мамандықтарының шеберлерімен кездесу
  • Мамандықтар бойынша көрмелер
  • Кәсіби бағдар беруге талаптану «Мамандықпен танысу»
  • Кәсіби бағдар беру роликтері «Біздің колледжді таңда!»

 

Дұрыс таңдау жаса – «Политехке» түс!

 

Ақпаратты Мурзагалиева Д.С., ЖІЖ  инспекторы дайындады.

выыф
Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
146 queries