«Ахмет Байтұрсынов – ұлт жанашыры»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және  әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы апталығының бекітілген  іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 01 наурыз күні «Ахмет Байтұрсынов –  ұлт жанашыры» атты  колледжішілік диктант өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты білім алушыларды тәуелсіз мемлекет болып, егемендігіміздің туы аспанға желбіреп, ана тіліміздің мемлекеттік тілге айналуына Алаш арыстарының қосқан баға жетпес еңбектерімен таныстыру; оларға Алаш зиялылары туралы әлі сырын ашпаған мәліметтерді анықтап, нақтылау – тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағының басты парызы екенін ұғындыру және Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік тілге деген деген қызығушылықты арттыру болды.

Диктантқа мемлекеттік тілде білім алатын 1 курс студенттері қатысты. Оның қорытындысы бойынша бағалау өлшемшартары бойынша ең жоғары ұпай алған жеңімпаздар анықталды: 1 орынды 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы ТП-26 тобының студенті Аблалимов Әміржан, 2 орынды 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жемс өндірісі» мамандығы ТЗ-25 тобының студенті Мамбетова Диана, 3 орынды 1219000 «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының студенті Байсалбаева Ұлболсын иеленді. 

Ақпаратты қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушылар Казиева У.Ж., Жайлибаева Қ.М. дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
152 queries