Қостанай жоғары политехникалық колледжі 130409 4 – компьютерлік бағдарламашының қолданбалы бакалавры мамандығы бойынша мамандар даярлайды

Қостанай жоғары политехникалық колледжі 130409 4 – компьютерлік бағдарламашының қолданбалы бакалавры мамандығы бойынша мамандар даярлайды. Оқыту күндізгі бөлімде орта арнаулы білім негізінде жүзеге асырылады.

Студенттер әртүрлі салаларда компьютерлер мен бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасайтын, енгізетін және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындарда және ұйымдарда кәсіби қызметтерін жүзеге асырады. Болашақ бакалаврлар келесі пәндерді оқығаннан кейін білімдерін кәсіпорында қолданады: жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерін қолдану, ақпараттық қауіпсіздік шаралары, жергілікті желілер мен Интернетті пайдалану және конфигурациялау, техник-бағдарламашының практикалық жұмысы, «Компьютерді қолдану инженерлік жобалауға арналған жобалау технологиясы (CAD) бағдарламалаудың заманауи құралдарын қолдана отырып, аппараттық-бағдарламалық жүйелердің компоненттерін және мәліметтер базасын құру, Ақпараттық қауіпсіздік теориясы мен әдістерін қолдану, салада өзекті SMART қосымшаларын жасау.

Олар өздерінің стартап жобаларының әртүрлі сайттарында өздерінің теориялық және практикалық білімдерін көрсетеді:

  1. М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында 2019 жылдың 3 – 4 желтоқсанында «Digital Kostanay» хакатоны ұйымдастырылды. «ITSFERA» командасы құрамына ТП-15 тобының студенттері Токушев Диас және Тамарко Артем кірді, жетекшісі – М.А. Уаисова және М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-де оқу үшін Ректор атынан Грант ұтып алды.

 

 

2 М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің қолдауымен «KINEUTHON» өңірлік кейс-чемпионаты. Өткізулі мерзімі: 2020 жылдың 20 мамыры -10 маусымы, Токушев Д., 50000 т. сертификаты.

3  «Инновацияларды қолдау орталығы» ұйымдастырыған байқау нәтижелері бойынша бес жастардың стартап-жобалары үстемақы алды. Бұл ұйым – «Тобыл» СПК бөлімшесі.

Жүлде қорын 600000 теңгені құрады. Жеңімаздар тізімінде Артем Таморко және Диас Токушев («Крепко KZ» жобасы – өндіріс орындарына арналған кешенді  CRM- жүйесі). Сертификат 50 мың теңге.

 

 

  

 

4 «А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ» ҰБА өңірлік «Smart-орталығы»  мен «Халықаралық технопарк IT-стартап «Astana Hub» арасында серіктестік туралы меморандум жасалды, соның шеңберінде Қазақстанның экожүйесіндегі стартаптарды дамыту мен қолдау бойынша іс-шаралар жүргізіледі, бұл Қор мен Университет қатысушыларының тиімді іс-әрекеттерін, білім алу курстары, шеберлік сыныптар және т.б.  ұйымдастыру үшін жайлы жағдай жасалады.

2020 жылдың 19 қарашасында Қостанай облысының 15 стартап жобалары үшін бірлескен инкубациялық бағдарлама өтті. Аталған бағдарламаға 8 блок бойынша воркшоптар өткізу, жеке кеңестер беру және трешн-кездесулер өткізу кіреді.

Инкубациялық бағдарлама 6 аптаға есептелген.

Қостанай жоғары политехникалық колледжінен таңдап алынған жобалар:

  1. «Krepko.kz» жүйесі – бизнес үшін, бизнес жобаларды құру үшін әмбебап шешім – Уаисова М.М., Токушев Д.А.
  2. Әр түрлі деңгейдегі (мектеп, колледж, университеттер) білім беру мекемелеріне арналған «Mayinstitute» мобильді қосымша -Тулегенов Е.Н., Магауия А.Ж.
  3. «AgricultureUBD» мобильді қосымшасы – аудан мен облыстың фермерлік және шаруа қожалықтарын есепке алу жүйесі – Уаисова М.М. Таморко А.В.
Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
148 queries