«Болашаққа сеніммен!» онлайн кездесуі

2021 жылдың 25 ақпанында ҚЖПК оқытушылары Е. Н. Тулегенов, Д. Б. Кусаинова және Л. Ф. Шакиирова кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында “М. Қозыбаев атындағы №23 ОМ” ММ 9-сынып оқушыларымен онлайн-кездесу ұйымдастырды. Балалар оқуға түсу шарттарымен, колледжде даярланатын мамандықтармен танысты.

Оқытушылар жиналғандарға мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтып, түлектерді мамандықтармен және ұсынылатын кәсіби дайындық бағыттарымен таныстырды, ҚЖПК-дегі студенттік өмір туралы қызықты фильм көрсетті, ағымдағы оқу жылындағы Колледжге қабылдау ережелері, студенттердің оқу шарттары және белсенді студенттік өмір туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Арнайы пәндердің  оқытушылары Е.Н.Тулегенов және Д.Б.Кусаинова 1304000 “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандығының мәні мен ерекшелігін ашып, мамандықтың жетістіктері, World Skills чемпионаты және оның жеңімпаздары туралы әңгімеледі.

Балалар “Instagram” әлеуметтік желісінде талапкерлерге арналған конкурстар туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады. Балалар үшін танымды және қызықты кездесу болды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
162 queries