Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары» тақырыбында педагогтерге арналған семинар

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 8 мен 9 қаңтарда директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары 96 адамға арналған «Ақпараттық-экономикалық пәндер», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Технологиялық пәндер», «Техникалық пәндер», «Электротехникалық пәндер», «Дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық» кафедраларының педагогтері үшін семинар өткізді.

Семинар онлайн форматта екі кезеңмен өтті: аттестация ережелерін таныстыру және пікірталас алаңы өтті, оның барысында колледж педагогтері өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша жауаптар алды.

Семинар барысында қарастырылды: ҚР «Мұғалім мәртебісі туралы» Заңының 14 бабы, ҚР білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 11 мамырындағы № 192 «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаттарын бекіту туралы» бұйрығы, ҚР білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы № 83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрығы, ҚР білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 14 мамырындағы № 202 «Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің 2016 жылдың 27 қаңтарындағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы».

Жоғары колледж педагогтері таныстырылды:

  • Колледж және Білім басқармаы деңгейлерінде кезекті біліктілік санаттарын беру,
  • аттестацияның бірінші кезеңі: Ұлттық біліктілік тестілеуіне қатысу, тест сұрақтарының құрылымдары таныстырылды, ҰБТ өту балдары,
  • аттестацияның екінші кезеңі: кешенді аналитикалық жалпылау қорытындылары, оқытушының портфолиосы туралы Ережесі, портфолионы жүргізу мақсаттары мен міндеттері, оның ұсынылған құрылымы.

Мамыр айында колледждің 41 педагогы аттестациядан өтуді жоспарлап отыр: «педагог-шебер» санатына 5 кандидат, «педагог-зерттеуші» санатына 17 кандидат, «педагог-сарапшы» санатына 5 кандидат, «педагог-модератор» санатына 14 кандидат.

 

 

Материал дайындаған: директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries