Толеранттылық – бейбітшілікке апаратын жол!»

Толеранттылық онкүндігін өткізу аясында 10 қараша күні ZOOM платформасының көмегімен қашықтықтан форматта «Толеранттылық-әлемге жол!» кураторлық сағат өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты жастар ортасында толеранттылық қағидаттарын тәрбиелеу, студенттердің бойында нақты ұжымда және жалпы қоғамда әртүрлі адам топтарының қатар өмір сүруінің негізгі қағидаты ретінде толеранттылықты саналы түрде таңдауды тұжырымдау, адамдардың әртүрлі этноұлттық, діни және өзге тиесілілігін, олардың басқа көзқарастар мен нанымдарға құқықтарын тану және құрметтеу болды.

Кураторлық сағат барысында студенттер толеранттылықтың эмблемасын бейнеледі, түрлі жағдайлардың шешу жолдарын іздеді. Студенттер өзара түсіністік пен бірліктегі жұмыс команданың негізгі құрамдас бөлігі екенін түсінді.

Бүкіл жер бетіндегі адамдар бейбітшілікте, достықта, түсінікте өмір сүргісі келеді, сондықтан жарқын күн әрдайым жарқырасын, сүйікті отбасымыз әрқашан қасымызда болсын.

 

 

Ақпаратты ЭБ-15 тобының кураторы Контробаева Ж.Д. дайындады

 

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
129 queries