«Интернет заттары» құзіреттілігі

         2020 жылдың қыркүйек айының 28-29 аралығында  Қостанай жоғары политехникалық  колледжінің базасында алғаш рет Қостанай облысында  «Интернет заттары» құзіреттілігі бойынша Worldskills Қостанай – 2020  өңірлік чемпионаты өтті.

        «Интернет заттары» құзіреттілігі   (IoT)  дегеніміз – бұл тек адаммен ғана емес, сонымен бірге бір-бірімен, сондай-ақ  басқа да ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесетін көптеген құрылғыларды (заттарды) қолдануды қамтиды.

          Сайысқа  Қостанай жоғары политехникалық  колледжінің «Есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының  студенттері  Исмагулов Тамирлан, Миркайдаров Рамазан қатысты.

         Қатысушылардың міндеті автоматты басқару жүйелерінің толық оқу бағдарламасын меңгеру, алгоритмдер мен күрделі жүйелер құру және эргономикалық интерфейс құру болды.

         Сайыстың қорытындысы бойынша Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті Исмагулов Тамирлан 1 орынға ие болды. Миркайдаров Рамазан 2 орынға ие болды.

        «Интернет заттары»  құзыреттілігі сандық трансформацияның маңызды драйвері және ақылды кәсіпорындардың дамуына негіз болады.

 

 

                                                                                                                                             

Бас сарапшы Кенешов Д.Д.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
142 queries