WorldSkills Kostanay-2020 облыстық чемпионаты

28 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Қостанай облысында WorldSkills Kostanay-2020 облыстық чемпионаты басталады. 2015 жылдан бастап Қостанай жоғары политехникалық колледжі өңірде және республикада WorldSkills кәсіби шеберлік конкурсын дамыту мен танымал етуге белсенді қатысады. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында 8 құзыреттер бойынша заманауи және мамандандырылған жабдықтармен 7 алаң ұйымдастырылған: «Веб-дизайн», «Графикалық дизайн», «Астық және оны қайта өңдеу өнімдерінің сапасын анықтау», «Наубайхана ісі», «Кондитерлік іс», «Электромонтаждау», «Мобильді робототехника», «Заттар интернеті».

2015 жылдан бастап біздің студенттер талантты педагогтардың жетекшілігімен WorldSkills чемпионатында облыс пен елді абыроймен таныстырды:

  • Абу-Дабиде өткен WorldSkills әлемдік чемпионатына Давыдов Александр, Коцуренко Валерий қатысты,
  • Краснодар қаласында өткен WorldSkills Russia халықаралық чемпионатында жүлделі орындарға ие болды: 2 күміс медаль – Давыдов Александр, Коцуренко Валерий,
  • WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында бірінші және жүлделі орындарды иеленді: 5 алтын медаль – Давыдов Александр 2016 ж. және 2017 ж., Коцуренко Валерий, Еришева Гульзара, Мурзахметова Жаннар; 1 күміс медаль – Герасимов Юрий; 3 қола медаль – Минеев Никита, Прусакова Татьяна, Кулик Владислав.

Жыл сайын WorldSkills жұмысшы қолдарының кәсіби шеберлік конкурсына қатысушылар мен жеңімпаздар санының өсуі байқалады. Бұл біздің сарапшыларымыздың өңірлік және ұлттық деңгейлерде конкурсқа қатысу тәжірибесіне ие болғанын, кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне ие болғанын, даму мен өз бетінше оқуда үнемі ізденіс үстінде екендігін көрсетеді. Бұл фактор дарынды, талантты жастарды дамытуға, білікті мамандарды, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлауға ықпал етеді.

Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс және WorldSkills Kostanay – 2020 кәсіби шеберлік байқауында сәттілік тілейміз!

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
134 queries