«Менің тамырым» бейнероликтер байқауы

Жастар саясаты туралы айтқанда біз отбасы институты туралы ұмытпауымыз керек. Бұл дәстүрлерді, ұлттық құндылықтарды және ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін өте маңызды. 3-12 қыркүйек аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Отбасы күніне арналған «Менің тамырым» бейнероликтер байқауы өтті.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақтың жоғары рухани-адамгершілік, әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, білім алушылардың ұрпақтар сабақтастығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға деген ынтасын дамыту ,отбасы тарихының ел тарихына қатыстылығын зерделеу, отбасылық қатынастардың оң тәжірибесін тарату болып табылады. Байқауға 1-4 курс студенттері қатысты. Байқау шарты бойынша студенттер «Бір отбасы-бір мамандық», «Менің отбасымның көрнекті қайраткері» атты тақырыптарға бейнероликтер дайындады. Өз жұмыстарында олар өз отбасыларының кәсібі, қолөнері, сүйікті ісі туралы айтты. Олардың отбасыларын біріктіретін және нығайтатын құндылықтар жайлы шеберлікпен айтты.

Байқау қорытындысы:

1 орын-ТП-24 тобы;

2 орын-ТП-27 тобы;

3 орын-ТЗ-25 тобы.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
134 queries