Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын халықаралық аккредиттеу стандарттарына (бағдарламалық) сәйкес 1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу

Үстеміздегі жылдың 8-9 маусым аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын аккредиттеу стандарттарына (бағдарламалық) сәйкес 1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу рәсімі өткізілді. Жұмыс тобының құрамында бөлімшелердің басшылары, колледждің бизнес-процестеріне жауапты тұлғалар болды, аккредиттеу рәсімін басқаруды және бақылауды колледж директоры Қаткенов Кусаин Амангелдіұлы жүзеге асырды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің сыртқы сараптамалық тобы (IQAA) сыртқы аудит барысында аккредитациялық органның білім беру қызметтерінің белгіленген академиялық/кәсіптік аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану және сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін қолдау рәсімін өткізді.

Аудит бағдарламасына сәйкес сыртқы сараптамалық тобы білім беру бағдарламасы бойынша құрылымдық бөлімшенің құжаттар сараптамасын өткізді, оқу сабақтары мен практика базаларына іріктеп барды, стейкхолдерлердің сұхбаттары, колледжді, оқу корпустарын, бөлімдер мен ЦӘК, құрылымдық бөлімдерді, кітапханаларды, бөлімдерді, қызметтерді және т.б. көзбен шолып тексеру жүргізді.

1014000 Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) білім беру бағдарламасы мамандандырылған аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін табысты көрсетті: «білім беру бағдарламаларының мақсаттары және сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат», «білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және ақпаратты басқару», «Студентке бағдарланған оқыту, оқыту және бағалау», «Студенттерді қабылдау, үлгерімі, тану және сертификаттау», «Оқытушылар мен қызметкерлер», «Оқу ресурстары және студенттерді қолдау», «Жұртшылықты ақпараттандыру».

Материалды директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries