Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ғаламшарды сақтаймыз» StartUp жобалардың облыстық байқауы

27 мамыр күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің білім алушылары Валентина Гетманчук, Дарья, Бикунтас, Валерия Антонова, Анастасия Завилинская Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Ғаламшарды сақтаймыз» StartUp жобалардың облыстық байқауына Контробаева Жаннат Дусембиевна, Изделюева Салима Сайлаубаевна, Травкина Марина Валерьевна сияқты оқытушылардың басшылығымен қатысты.

Іс-шараның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоршаған ортаның экологиялық жай-күйінің проблемаларын зерттеу және табиғатты қорғау міндеттерін шешуге практикалық қатысу бойынша жұмысқа тарту болып табылды.

Байқауға қатысушылар Валентина Гетманчук, Дарья Бикунтас тротуар экоплиткасын өндіру бойынша шағын-зауыт жобасын ұсынды, Валерия Антонова, Анастасия Завилинская эко-сөмкелер өндірісі бойынша “Eco live” жобасын ұсынды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені Валерия Антонова, Анастасия Завилинская, жетекшілері Ж.Д. Контробаева, М.В. Травкина, 1 орынды Валентина Гетманчук, Дарья Бикунтас, жетекшілері Ж.Д. Контробаева, С. С. Изделюева иеленді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз, жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
133 queries