«IT-ОҚЫТУШЫ-2020» облыстық байқауы

2020 жылдың 12 наурызынан 17 мамырына дейін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының жетекшілігімен Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында «IT – ОҚЫТУШЫ-2020» атты облыстық байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты – «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қостанай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының информатика және ақпараттық пәндерінің талантты педагогтарын анықтау және қолдау.

Байқаудың міндеттері:

  • IT-саланы дәріптеу;
  • педагогтардың сандық сауаттылығын арттыру;
  • ІТ-технологиялар саласында тәжірибе және идеялар алмасу үшін іскерлік алаңын құру;
  • ақпараттық технологиялар саласына студенттердің тартылуын арттыру.

«IT-ОҚЫТУШЫ-2020» байқауына арнайы пәндер оқытушысы Кенешов Дулат Дүйсенбекұлы қатысты. Дулат Дүйсенбекұлы YouTube бейнехостинг сайтында орналастырылған білім беру арнасының әзірлеушісі, IT-жобаның жетекшісі болып табылады. Педагогтың байқауға ұсынылған жұмыстары авторлық шолу бейнематериалдарынан, оның ішінде бейне сабақтардан тұрады.

Байқаудың бірінші кезеңінде қазылар алқасы YouTube бейнехостинг сайтында орналастырылған қатысушымен әзірленген білім беру арнасын бағалады. Қазылар алқасы Д.Д. Кенешовтың арнасындағы үздік студенттер туралы роликтермен бейне және қызықты идеяның түпнұсқаларын атап өтті. Оқытушы Дулат Дүйсенбекұлы мен студент Исмагулов Тамерланның «Ақылды үй» жобасы WorldSkills «Заттар интернеті» чемпионатының құзіреті бойынша үйде автоматтандыру аясында өзекті және маңызды болып табылады.

«IT-ОҚЫТУШЫ-2020» облыстық байқауының нәтижесі бойынша Дулат Дүйсенбекұлы 11 қатысушы арасынан екінші орынға ие болды!

Дулат Дүйсенбекұлын байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Материалды  директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ж. Ш. Кайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
127 queries