Туберкулездің алдын алу

2020 жылдың 05 наурыз күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде фтизиопедиатр дәрігер С.Б. Балицкая Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне орай “СТОП – ТУБЕРКУЛЕЗ” тақырыбында дәріс өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты студенттерді туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар туралы ақпараттандыру болып табылады.

Дәріс басында білім алушылар туберкулез ауруын жұқтырудың белгілері мен жолдарымен танысты, соңында өздерін қызықтырған сұрақтар қойды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын сақтау, шынығу және дұрыс тамақтану бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпаратты колледждің медициналық қызметкері А. Р. Мулдагалиева дайындады.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries