«ПБЗ қолданудың алдын алу» тренингі

2020 жылдың 10-11 наурыз аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде бірінші курс топтарында «ПБЗ қолданудың алдын алу (алкоголь, темекі қоспалары және синтетикалық есірткі, спайстар)» тақырыбында тренинг өткізілді. Қатысушылар саны – 354.

Іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтының қағидалары мен нормалары туралы білімді қалыптастыру: зиянды әдеттерден бас тарту, оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру.

Тренинг барысында студенттер зиянды әдеттердің (темекі шегу, алкоголизм, нашақорлық) зардаптарымен танысты, зиянды әдеттерге қарсы тұруға үйренді. Студенттер осы тақырыпты белсенді талқылап, түрлі жаттығуларға қатысты. Тренинг сабағы қатысушылардың бір-біріне қол шапалақтаумен және студенттердің салауатты өмір салтын ұстану ниетімен аяқталды.

Ақпаратты дайындаған педагог-психолог: Туленова В. Р

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries