«Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

3 ақпаннан 8 ақпанға дейін колледж студенттері «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндік және Еріктілер жылы аясында «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Іс-шара мақсаты жас ұрпақтар арасында белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, мейірімділік, рух күші секілді адамгершілік қасиеттерін дамыту, адал қызмет етуге тәрбиелеу болып табылды.

Іс-шараға қатысушылардың саны 75 адамды құрады.

Акция барысында студенттер Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге қар тазалауға, оларға тұрмыста көмек берді, үйсіз жануарларды тамақтандырды, құстарға ұя салып, тұрғылықты мекені жоқ адамдарға ыстық шай берді, сондай-ақ жетім балалар мен АҚҚБ үшін «Жанұя» отбасылық үлгідегі ауылда ойын сабақтарын өткізді.

Акция қорытындысы игі істердің ағашы болды, онда студенттер өздерінің игі істерімен бөлісті.

Акцияға қатысу студенттерге басқа жандарға адал ниетпен көмек көрсету тәжірибесін алуға себеп болды. Акциядағы ең бастысы қатты сөздер емес, керісінше, нақты істер, ал негізгі мақсаты – адамдарға түсіністікпен қарап, жан жуы мен қуаныш сыйлау.

Ақпаратты ұйымдастырушы педагог А.В.Пушкарева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries