«Снайперлік шек»

2020 жылдың 1 ақпан күні Қостанай құрылыс колледжінде Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 31 жылдығына және ҚРҚК құрылуының 28 жылдығына арналған Қостанай облысының әскери-патриоттық клубтары арасында пневматикалық қарудан оқ ату чемпионаты болып өтті.

Аталған іс-шараға 21 әскери-патриоттық клубы, соның ішінде Қостанай жоғары политехникалық колледжінің «ЖАС САРБАЗ» ӘПК студенттері де қатысты. Ережеге сәйкес команда құрамында 4 адам (ер балалар 14-15 жас), 4 адам (ер балалар 16-17 жас), 4 адам ( қыздар 14-17 жас) қатысты. Бұл ТП-20, ТП-24, ТП-23, ХП-17, ТП-22 ,Э-10, Э-11, СТ-4, ТЗ-24 топтарының студенттері.

Іс-шара мақсаттары мен міндеттері әскери-қолданбалы спорт түрлерін дәріптеу және дамыту, жарыс қатысушыларының спорттық шеберлігінің деңгейін арттыру, құрама командалар қорын дайындау және ең мықты спортшыларды анықтау болды.

Студенттер пневматикалық қарудан атудан жарысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша «ЖАС САРБАЗ» ӘПК құрама командасы 5 орынға иеленіп, қатысқаны үшін грамотамен марапатталды.

Мақаланы дайындағандар: Фатхудинов Р.Р.

                                                                                             Нурканов М.К.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
130 queries