Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы

14 ақпан күні «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментімен бірлесе отырып, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің отырысын ұйымдастырды. РОӘК отырысының модераторы – РОӘК төрайымы, ҚР БҒМ вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы болды. Отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылды:

  1. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың негізгі бағыттары. ТжКБ академиялық еркіндігін кеңейту туралы.

Оспанова Насымжан Жамбекқызы – ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры;

  1. Оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметін талдау

Сейтенова Рауза Равильқызы, Мазмұн мен әдістеме басқармасының жетекшісі;

  1. «Білім беру», «Сервис», «Көлік» бейіндері бойынша ОӘБ жұмыс есебі:
  • Бахишева Светлана Мендығалиқызы, Ж. Досмухамедов атындағы Орал педагогикалфқ колледжі,
  • Бижігітов Мұхтар Байсұлтанұлы, Талдықорған политехникалық колледжі,
  • Кұрманбаева Ақмарал Жұмадилқызы, Алматы сервис және технологиялар мемлекеттік колледжі.

ҚР БҒМ вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы МЕМСТ-та, ТжКБ оқу жоспарының үлгілерінде жоспарланып жатқан өзгерістер жайлы хабарлады. 

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы ТжКБ жүйесіне мазмұнның академиялық еркіндігін енгізу, WORLDSKILLS стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханды енгізу, балдық бағалау жүйесін енгізу, Білім беру бағдарламаларының тізбегін – ТжКБ ұйымдарымен іске асырылатын білім беру бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын құру механизмі жайлы, ТжКБ ұйымдарына қабылдаудың жаңа форматы, дуалдық оқыту бойынша шығындарын өтеу арқылы бизнесті ынталандыру, бір кәсіптік қызметінің аясында біліктіліктер тобы бойынша мамандықтар тізбегін кеңейту, мамандықтар бойынша лицензия беру арқылы ТжКБ лицензиялау үрдісін оңтайландыру, колледждердің корпоративтік басқаруды жетілдіру, кәсіптік бағдар беруді дамыту, ТжКБ жүйесін сандандыру жайлы баяндады.

Материалды директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Кайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries