«Нағыз патриот»

2020 жылдың 3 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шоқан Уәлиханов атындағы Кадеттік корпусының өкілдерімен кездесу өткізілді.

              Кездесу жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және ҚР ҚМ Кадеттік корпусы әскери оқу орнына үміткерлерді іріктеу мақсатында ұйымдастырылды.

              Аталған іс-шараға шамамен 150 адам қатысты, ол Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі, Қостанай автомобиль көлігі колледжі, Қостанай құрылыс колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласындағы колледжі Қостанай жоғары экономикалық колледжі, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің бітіруші топтарының студенттері.

              Сержанттық құраммен жұмыс істеу жөніндегі бөлімінің жаттықтырушысы  студенттермен өте қызықты да танымды сұхбат өткізді.

              2 класты сержант Байгунуров Данияр Азаматұлы студенттерге ҚР ҚМ Кадеттік корпусында оқу үшін ер балаларды қай мамандықтар бойынша қабылдайтынына, аталған оқу орнында оқу мерзімі жөнінде, әлеуметтік пакетке не енетініне, Кадеттік корпусқа қабылдау шарттары және оқуға түсу үшін құжаттар тізбесі жөнінде толық ақпарат берді.

              Студенттер бірқатар сауалдарын қойып, оларға толық және нақты жауап алды.

              Кездесу барысында ҚР ҚМ Кадеттік корпусы жөнінде бірнеше бейнероликтерін тамашалады.

            Аталмыш кездесуден кейін студенттер сұранысқа ие мамандықты иеленуге ниет білдіретініне және болашақта әскери ісінің нағыз кәсіпқойы болатынына сеніміз.

Мақаланы дайындаған: Фатхудинов Р.Р.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
148 queries