«Мамандандырылған аккредиттеуден өту аясында ТжКБ ұйымдарын өзі-өзіне баға беру бойынша есеп дайындау» атты тақырыбында Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттігінің семинары

31 қаңтар күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде  Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз агенттігі ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бөлімінің бастығы Раймбекова Жанат Ахатқызы 1014000 – Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша) білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуден өту аясында «Мамандандырылған аккредиттеуден өту аясында ТжКБ ұйымдарын өзі-өзіне баға беру бойынша есеп дайындау» атты тақырыбында семинар өткізді. Сапармен келу бағдарламасына сәйкес мынадай іс-шаралар өткізілді:

  1. Колледждің құрамымен және негізгі қызмет бағыттарымен таныстыру;
  2. Колледждің материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базасымен таныстыру;
  3. «Мамандандырылған аккредиттеуден өту аясында ТжКБ ұйымдарын өзі-өзіне баға беру бойынша есеп дайындау» атты тақырыбындағы оқыту семинары;
  4. Колледж құрылымдық бөлімшелерін аралау және оқу-әдістемелік құжаттамасымен таныстыру.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Материалды Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының  ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
148 queries