«Махаббат – өмірдің негізі»

          12 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері үшін Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторының қоғамдық қызметіне арналған «Махаббат – өмірдің негізі» атты жалпы республикалық ашық өткізілді.

          Сабақтың мақсаты «махаббат» сөзінің өмірдің таусылмас қайнар көзі ретінде жалпы адами құндылықтар туралы түсінігін кеңейту болып табылады.

          Сабақ барысында студенттер Сара Алпысқызының «Өмір әдебі» кітабынан фрагменттермен таныстырды, әр адам өміріндегі мейірімділік рөлі туралы талқылады, өз ұрпағының адамдарға деген адал махаббатын білдіру үшін ұсыныстар құрастырды.  

          Сара Алпысқызының өмірі мен қызметінің мысалында студенттер «махаббат» сөзінің өмірдің таусылмас қайнар көзі ретінде жалпы адами құндылықтар туралы, риясыз махаббаттың мәні туралы түсініктерін кеңейтіп,  махаббаттың мейірімділік, аяушылық, кешірімділік, қабылдау, басқаларға көмек көрсетуге, оның орнына ешнәрсе күтпей,  ұмтылуда екенін сезінді.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
123 queries