Кәсіптік бағдар беру

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Қонақтар колледждің студенттерімен ұйымдастырылған концертті тамашалады. Колледждің еріктелері оқушыларды кәсіп бағыттары бойынша жүргізді. Оқытушылар мен студенттердің жетекшілігімен оқушылар есепшінің, кондитердің, нан пісірушінің рөлін атқарды. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында заманауи адамға қажетті дағдыларын алды.

Бухгалтерлік есебі кабинетінде оқушылар өздерін кәсіпкер, аудитор және есепші болуды сезінді.

Практикалық тапсырмалар кезінде оқушылар өз бетімен сүт өнімдерінің көрсеткіштерін, бидайдың ылғалдығын анықтады.

Оқушылар «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша зертханаларына ерекше назар аударып, өздерін дәнекерлеуші, токарь рөлінде болды, сондай-ақ автомобиль құрылысының оқу зертханаларында көтеру жабдықтарымен де жұмыс жасады. 

Оқушылар жұмыстың барлық кезеңдерін орындау кезінде қамырмен және мастикамен өз дағдыларын көрсетті. Бағдарламалау бойынша шеберлік сағаттарын өткізу кезінде оқушылар 1С:Предприятие 8, бейнемонтаждау конфигурациясын жасады.

Кәсіптермен танысу оқушылардың көбісіне саналы түрде кәсіп таңдауға мүмкіндік берді.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
142 queries