«К порывам юные сердца зову….» тақырыбында кездесу

2020 жылдың 15 ақпан күні «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушылары мен студенттері «Қостанай» велоқоғамдастығы» ҚБ кездесті және атауы да ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың «К порывам юные сердца зову….» өлеңінен үзіндісімен аталған. 

Биыл Абай Құнанбаевтың туылғанына 175 жыл толып отыр. Өз мұрасында Абай жастарды белсенді, мәнді және интеллектуалды өмірге шақырады. Абайдың барлық даналы кеңестері адам жастық шағында, жалпы өмірде қандай болу керек деген сұрақтарға жауап береді.

Колледждің студенттеріне бүгін Қостанай облысының жетістіктерге жеткен тұлғалармен кездесу мүмкіндігі түсті, олар өздерінің қайсарлығының, ерік күшінің арқасында өмірде, өнерде, бизнесте және спортта өздерін жасап, жетістіктерге қол жеткізді. Абай Құнанбаевтың ойына қосылатын адамдар жетістікке ілгері қарай басуға қабілетінде білінеді деп есептейді. Қадам- қадам сайын өзгеріп және жетілдіріліп отыру.

Студенттер «Рухани Жаңғыру – қоғамдық сананы жаңғырту», «Жақсы өндіруші маман  – кәсіпорынның 50% жетістігі», «Қайсарлық сабақтары» атты тақырыптарында өткен дөңгелек үстелдерге белсене қатысты, велосипедтердің түрлі кластарын көруге, спорттық жарыстарға қатысу мүмкіндіктері болды.

 Іс-шара велоқауымдастықтың, колледж оқытушылары мен студенттерін басын қосып, тығыз іскерлік байланыста, тәжірибе, білім бөлісу, іскерлік, шығармашылық, достық байланыстарды іздеумен қызықты болып өтті.

Табысты адамдармен кездесу студенттерге адамның «табыс формуласын» түсінуге, өз еңбегімен белгілі бір жетістіктерге жете алу мүмкіндігін берді.

         Іс-шараның қорытындысында «Қостанай» велоқоғамдастығы» ҚБ және «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Алдыда «Қостанай» велоқоғамдастығы» ҚБ және колледждің оқытушылары мен студенттерін қызықты бірлескен туристік веложүрістер, велоспорттық мерекелік іс-шаралар, табысты және әйгілі тұлғалармен ұмытылмас кездесулер күтіп тұр.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries