«Балаларға сыйланған жүрек» атты тақырыптық сабақ

11 ақпан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты оңкүндік аясында Балаларға сыйланған жүрек» атты тақырыптық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты студенттердің сүйіспеншілікке, мейірімділікке, қоршаған  ортаға деген құрметін тәрбиелеу, Сара Назарбаеваның қызметімен таныстыру.

Сабақ барысында студенттермен ойындар, тренингтер өткізілді, әндер орындалды, мақал-мәтелдермен жұмыс жасады, намыс, ұят, өмір, ой, ақиқат және абырой секілді негізгі сөздерін қолдана отырып, әңгімелер құрастырды.

             Жұмыс нәтижесінде сабақта студенттердің «адамдардың игілігіне игі істер жасауға, сүйе білу» секілді құндылықтардың мәні мен мағынасы жайлы түсініктері кеңейтілді.

         Сара Алпысқызының өмірі мен қызметі үлгісінде студенттер айналадағы адамдарға құрметпен қарап, сүйіспеншілік таныту мәнін түсінді.

Ақпаратты педагог-психолог А.Б.Темірбек дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
124 queries