Әскери викторина

2020 жылдың 16 қаңтар күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 1 курс студенттері арасында «Әскери экспресс» викторинасы өткізілді.

         Іс-шараның мақсаты студенттерді Отанға деген сүйіспеншілігін, оның қорғаушыларына деген құрметін, Отанға қызмет етуге ынтасын тәрбиелеу.

         Аталған іс-шараға М-8, Э-11 тобының студенттері қатысты. Іс-шараға запастағы полковник А.С.Жуков, билогия пәнінің оқытушысы А.Т.Хусаинова, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы В.В.Щербаков шақырылды.

         Викторина бірнеше тапсырмалардан тұрды: білім алушылар сұрақтарға жауап беріп, пазлдардан сөз құрастыру, сөзжұмбақтың мағынасын ашып, кроссворд пен ребустарды табу керек болды және соған қатысты танымал адамдардың портреттерін атау керек болды.

         Викторина қорытындысы бойынша бірінші орынды М-8 тобының студенттері иеленді, екінші орынды Э-11 тобының командасы алды.

         Білім алушылар АӘД пәнін одан да жақсы меңгеріп, Отанды қорғау нағыз ер адам намысының ісі екенін тағы бір мәрте түсінді.

Мақаланы Нурканов М.К., Фатхудинов Р.Р. дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries