«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында колледждің 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша түлектерімен кездесу

Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен техникалық пәндерінің ЦӘК пәндік әдістемелік апталығы аясында 2019 жылдың 09 желтоқсан күні 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша 3 және 4 курс студенттерінің колледж түлектерімен кездесуі өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: Астықты қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы тәжірибелі мамандарымен болашақ түлектерінің сұхбаттасуы арқылы таңдаған кәсіптеріне деген қызығушылығын дамыту.

Барлық қонақтар колледжіміздің түлектері, олар өз еңбек жолдарын таңдаған кәсіптерінен арнап келеді.

Кездесуге түлектеріміз Елемисова Шнар Канатовна, «Pionner Luxs» ЖШС аға зертханашысы, Дзучкаева Елизавета Ивановна, «Pionner Luxs» ЖШС зертханашысы, Ерсеитов Габит Серикович – «СЖС LTD Казахстан» ЖК ЖШС техникалық үйлестірушісі, өз еңбек жолын колледжімізге арнаған Риженко Екатерина Терентьевна арнайы пәндерінің оқытушысы, «Үздік педагог 2015 жыл» атағының иегері, Сагандыкова Жанаргуль Бисимбаевна, арнайы пәндерінің оқытушысы шақырылды.

Студенттер зор қызығушылықпен тыңдап, сауалдар қойды, түлектеріміз кәсіптің маңыздылығы жайлы баяндап берлі. Кездесу барысында түлектеріміз бай тәжірибелерімен бөлісіп, өз студенттік шақтары жайлы, өздерінің маман ретінде қалыптасу кезінде бастарынан кешкен қиындықтары жайлы әңгімелеп берді. Кәсіпорындарымыздың қызметкерлері студенттерге мамандықтың даму келешегі жайлы, жас мамандарға кәсіпорын басшылары қоятын талаптары мен құзыреттері жайлы баяндады. Қонақтарымыз өз үлгісінде оқуға деген адал қарым-қатынасының қажеттілігі жайлы, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті түлек болуға, өз кәсіби деңгейін үнемі арттыруға және еліміздің астықты қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға үлес қосуды жеткізуге тырысты.

Техникалық пәндерінің ЦӘК оқытушылары Сагандыкова Ж.Б., Риженко Е.Т., Ахметова Г.Б., Изделюева С.С. дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
122 queries