Ашық сабақ

Техникалық пәндерінің ЦӘК пәндік апталығы аясында арнайы пәндерінің оқытушылары Е.Т.Риженко және С.С.Изделюевамен модульдік-құзыреттілік тәсілдемені қолданумен ашық сабақтар өткізілді.

Педагогтардың практикаға бағытталған сабақтары сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы негізінде өткізілді. Шағын топтарда жұмыс істей отырып, білім алушылар өндірістік жабдықтарды пайдаланумен бидай сапасын бағалау бойынша тапсырмалар орындады.

Сабақты өткізу үшін тиісті әлеуметтік-психологиялық, оқу-әдістемелік, эстетикалық жағдайлар жасалды: мультимедиялық құрылғылармен дәрісхана дайындалды, орама материалдар көрмесін рәсімдеді, үстелдер өндірістік кеңес ойын формасына сәйкес қойылды, мамандар рөлін атқарған студенттер өндірістік киім формаларында болды және т.б. Бұның барлығы іскерлік ахуал жасауға себеп болды және оқу материалын жақсы меңгеруге, жалпы және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыруға көмек берді. Студенттердің жалығуын азайту үшін сабақ соңында бейнеролик қарау тәсілі қолданылды, бұл ахуалды бәсеңдетіп, білім алуды тиімді ынталандыруға, сабақта жайлы психологиялық ахуал жасауға және жаңа материалды бекітуге себеп болды.

Материалды оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.З.Аяганова дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
146 queries