Электротехникалық пәндер ЦӘК апталығы.

Қостанай политехникалық жоғары колледжінде 25.11.2019 ж. мен 30.11.2019 ж.аралығында электротехникалық пәндер ЦӘК апталығы өтті.

ЦӘК жоспарына сәйкес бекітілген келесі іс-шаралар өткізілді:

– 25.11.19 ж.ТП-23 тобында физика пәнінен “Эрудит”викторинасы өткізілді. Викторинаны өткізу барысында балалар әр түрлі тапсырмаларды орындап, дұрыс орындалуы үшін жетондар алды, нәтижесінде ең көп жетондар саны топ студенті Тургунбай Аяулым, 2 орын-Саламатов А. және 3 орын – Енсебаев А. алды. Орындар келесідей бөлінді: 1 орын-Сыздыков, 2 орын-Махатов және 3 орын – Әнуарбеков. Іс-шараны Брагинец А. П. өткізді.

– 26.11.2019ж.электротехникалық бөлімнің екінші курс студенттері арасында “Электротехникалық эстафета” өтті. Студенттер креативтілік; физика; электромонтер; инспектор; суретші, әр түрлі тапсырмаларды орындады, олардың нәтижелері бес балдық бағалау жүйесі бойынша бағаланды, нәтижесінде 2 Э-10 тобының “Электромонтажник” командасы бірінші орынға ие болды.

-27.11.2019ж.электротехникалық пәндер ЦӘК апталығы аясында “Болашақ электриктердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы модульдік-құзыреттілік тәсіл”тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық семинар өтті. Семинар – практикумның бағдарламасына модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану арқылы ашық сабақтар, модульдік-құзыреттілік тәсілді әдістемелік сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау бойынша “болашақ электриктерді практикалық-бағытталған оқыту жүйесінде модульдік-құзыреттілік тәсілді іске асыру” панельдік секциялар өткізілді. Ашық сабақтарды оқытушылар Р. М. Карамурзин және Ә. С.Ерғали жүргізді.

– 28.11.2019 ж оқытушылар Сабитова З. Ж. және Сыздыкова И. З. ЭС-12 тобында “ХХІ ғасыр көшбасшысы”интеллектуалды ойынын өткізді. Финалда Бауыржан Ержан жеңіске жетті.

Осы күні мектеп оқушылары үшін электрик мамандықтарымен танысу кәсіби сынағы өткізілді.

– 29.11.2019ж. УЭС-16, ЭС-15,Э-11 бірінші курс топтарында брейн-ринг өткізілді. Жеңімпаз ЭС-15 топ студенті Божин И. атанды. Іс-шараны Суюндукова Б.К., Умаров М.С., Акушкаров А.Н. өткізді.

Апта соңында электротехникалық пәндер ЦӘК дебаттар өтті. Дебатқа “атом электр станциясын құру”тақырыбы бойынша УЭС-10 тобы қатысты. Екі команда қатысып, “Қыран”командасы жеңімпаз атанды. Команда құрамы-Жақабаева, Тынынбаева, Зейнулаев. Дебатты Карамурзин Р. М. өткізді.

Пәндік апталықты өткізу кезінде жеке және ұжымдық іс-әрекетте мотивацияның белсендірілуі, дербестік дамиды,тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасады.

Ақпаратты электротехникалық пәндер ЦӘК төрайымы Курьерова М. П. дайындады.

 

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries