«Қазақстандағы Турин процесі» 2019 жылға зерттеудің қорытындыларын келтіру бойынша дөңгелек үстел

         2019 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандағы Турин процесі» зерттеу жұмыстары аясында Нұр-Сұлтан қаласында ТжКБ жүйесінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында “Кәсіпқор” Холдингі КЕАҚ дөңгелек үстел өткізілді.  

         Дөңгелек үстел жұмысына Еуропалық білім беру қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі, статистика комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, еңбек ресурстарының даму орталығы, ақпараттық-талдамалық орталығы, ЮНЕСКО, Қайта құру және даму Еуропалық банкі, Экономикалық зерттеулер институты, «Өрлеу» АҚ, Ы.Алтынсарин атындағы білім беру ұлттық академиясы, аккредиттеу орталықтар, Нұр-Сұлтан қ. жаңғырту орталығы, Шығыс Қазақстан облысының ТжКБ және БА орталығы, бас аспазшылар қауымдастығы, «KAZENERGY» және Нұр-Сұлтан қ., Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстары колледждерінің өкілдіре қатысты. Қостанай жоғары политехникалық колледжі атынан директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Жұлдыз Шамильқызы Қайпбаева қатысты.

       Құттықтау сөзбен ҚР БҒМ ТжҚБД серіктестік және дағдылар басқармасының басшысы Қаламқас Мағауияқызы Алгазинова және “Кәсіпқор” Холдингі КЕАҚ Президентінің м.а. Ермек Бақытұлы Кузенбаев сөз сөйледі. Ермек Бақытұлы осы кездесуден соң ТжКБ-дегі дұрыс қойылған басымдылықтардың күтілетінін атап өтті.

       Дөңгелек үстел 3 сессия бойынша өткізілді:

       Бірінші, ұлттық деңгейде өткізілген «Қазақстандағы Турин процесі» 2019 жылға зерттеудің қорытындыларын келтіру.

Осы сессияда Стратегиялық жоспарлау, талдау және IT-қамтамасыз ету департаментінің директоры Ахметова Айжан Төлеуқызы «Қазақстандағы Турин процесі: нәтижелері, ұсыныстары, болашағы» атты тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Айжан Төлеуқызы ТжКБ жағдайы, еңбек нарығының ықпалы, ТжКБ әлеуметтік ортасы және 5 жыл ішінде қандай өзгерістер болғаны жайлы және ТжКБ жүйесінде анықталған мәселелермен бөлісті.

Екінші, анықталған мәселелер бойынша ұсыныстарды талқылау.

Осы сессиядағы жұмыс 4 топ бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар анықталған мәселелерді шешу үшін қандай ұсыныстар жасауға болатынын талқылады.

Үшінші, «Қазақстандағы Турин процесі» 2020 жылға зерттеудің басымды бағыттарын талқылау.

Қатысушылар «Қазақстандағы Турин процесі» 2020 жылға зерттеулер жүргізу бойынша басымды тақырыптарын анықтап, оларды талқылады.

Сонымен қатар, ЕФО кәсіптік білім беру және оқыту саласында Еуроодақ саясаты бойынша аға маманы Георгиус Зисимос «Копенгаген процесі және кәсіптік білім берудің болашағы» атты тақырыбында баяндамасын ұсынды, презентацияда алдағы 7 жылға Еуропа одағының стратегиялық жоспарлары, нақты айтқанда, маңсапты басқару, жұмыс орнында білім алу, өмір бойы білім алу, мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі және «Кәсіптік басымдылық/шеберлік орталықтары» назарға ұсынылды.

Сондай-ақ, Жобаларды үйлестіру және серіктестік департаментінің бас менеджері Бота Айтимбетова «Жас маман» жобасын іске асыру барысы туралы баяндады.

Соңында Еуропалық білім беру қорының бас сарапшысы                      К. Хемшемайер және Стратегиялық жоспарлау, талдау және IT-қамтамасыз ету департаментінің бас менеджері Асқар Боженов дөңгелек үстелдің қорытындыларын келтірді.

Материалды директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries