«Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы – Ұлт көшбасшысы» тақырыбына көшбасшылық сабағы

1- желтоқсан – Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне орай Қостанай жоғары политехникалық колледжінде «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы – Ұлт көшбасшысы» тақырыбына көшбасшылық сабағы өткізілді.

Көшбасшылық сабағының мақсаты білім беру ұйымы білім алушыларының Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен әйгілі тұлғалардың үлгісінде көшбасшылық әлеуетін қалыптастыру болып табылады.

 Көшбасшылық сабағында студенттердің назарын білімділік, жан-жақтылық, өз күшіне деген сенімділік, сабырлық пен байсалдылық, беріктілік, жауапкершілік, мақсатқа бейімділік пен қайсарлық, ұйымдастыру қабілеттері сияқты түсініктерге аударды.

 

Ақпаратты Қостанай жоғары политехникалық колледжі директорының  ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.Ш.Қайпбаева дайындады

 

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries