1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы үшін Түркия мемлекетінде тілдік тағылымдамадан өту

2019 жылдың желтоқсан айында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде Caspian Academy өкілдерімен кездесу өткізілді. Caspian Academy орталығы – бұл университет, академия, студенттерге қолдау көрсету орталығы және маңсап пен білім беру орталығы, оның қабырғасында өз әлеуетінді көрсетіп, жаңа алуға болады.

       Caspian Academy бас менеджері Диана Курнеева Түркия мемлекетіндегі тілдік тағылымдама жайлы, 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы студенттерінің мүмкіндіктері мен болашағы жайлы, тілдік тағылымдамадан өту бағдарламасының қатысушыларына деген талаптары туралы баяндап берді.

       Бағдарлама қатысушыларына Caspian Academy негізгі талаптары:

  • жан-жақты болу,
  • командада жұмыс істей алу,
  • ұқыптылық,
  • жылы шырайлы болу,
  • мәдениетті,
  • сыртқы келбеті тартымды және сымбатты,
  • кемінде бір шет тілін білу: түрік, неміс немесе ағылшын,
  • жұмыс тәжірибесі және басқа да шет тілдерін білу құпталады,
  • жасы 18-ден жоғары.

Түркия мемлекетінде тілдік тағылымдамадан өту жолдамасына сәйкес сұраныстарды 1219000 Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі мамандығы студенттері беру мүмкін. 

Тілдік тағылымдамадан өту туралы қосымша ақпаратты +77750596090 телефоны бойынша алуға немесе www.caspianacademy.net сайтында табуға болады.

Материалды директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Кайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
137 queries