Мектеп оқушыларымен кәсіптік сынамалар

19 қараша күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің  экономика пәндерінің оқытушысы Жанат Контробаева Қостанай № 3 және 18 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушыларымен 0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)» мамандығы бойынша кәсіптік сынамаларын өткізді. Сондай-ақ, оқушылармен есепші кәсібі жайлы білуіне тренингтер өткізді. Жанат Дүйсембиевна қаладағы есепші, қаржыгер, аудиторлар мен экономистер еңбек ететін кәсіпорындарының тізімімен таныстырды. Оқушылар салық түрлері, еңбекақыны төлеу және банк жүйесі бойынша карточкалармен жұмыс істеді. Колледжге оқуға түсу шарттары мен оқыту үрдісі де жайлы оқушылар толық ақпарат алды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Тұтынушылардың құқығын қорғау
124 queries