Кәсіптік бағдар беру

26 қазан күні Затобол кентінің №1 және №2 ОМ мектеп оқушыларымен Қостанай облысының психологтар қауымдастығымен ұйымдастырылған «Кәсіпті бүгін таңдау» акциясы аясында кездесу өткізілді. Мектеп оқушыларының болашақ кәсібін саналы түрде таңдау жасауына  психологиялық дайындығын қалыптастыруға бейімделген акцияда Қостанай жоғары политехникалық колледждінің студенттері мен оқытушылары қатысты. 3 курс студенттері ДанаМагзумова, КаринаВалеева және АйнураДюсибаева технологтың мамандығы жайлы баяндап, оқушыларға өз қолдарымен кексті безендіруді және бидай көрсеткішін анықтау бойынша зерттеулерді өткізуді ұсынды. Экономикалық пәндерінің оқытушылары ЖанатКонтрабаева есепшінің қыр-сырларымен таныстырып, есепші кәсібінің ерекшеліктерін түсіндірді, болашақта жұмысқа орналасу жайлы әңгімеледі.А.С.Сегизбаева колледждің қызметі, студенттер мен оқытушылардың жетістіктері, оқуға түсу талаптары жайлы жалпы ақпаратты ұсынды. Оқушылардың барлығына жарнама буклеттері таратылды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
123 queries