Кәсіптік бағдар беру

10 қазан күні Федоров және Қарабалық аудандарындағы мектептердің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Қостанай жоғары политехникалық колледжінің кәсіптік бағдар беру тобы оқушыларға оқу мекемесінде білім алу мүмкіндіктері туралы хабар беру және мамандықтарымен таныстыру мақсатында «Кәсіп таңдау» жобасына қатысты. Оқушылардың назарына студенттеріміз Әбілмансұр Хамитов, Алмат Жанабай, Азамат Ариман және «Мирас» би тобы өз өнерлерін ұсынды.  Концерттік бағдарлама соңында оқушылардың шеберлік сағаттар форматында өткен кәсіптердің мазмұнымен танысуына мүмкіндік болды. Технолог-студенттер Дана Магзумова және Карина Валеева өздерімен әкелген зертхана жабдықтарында талдауларды тек көрсетіп қоймай, оқушыларға да қатысуды ұсынды. Оқушылардың көбісін электр мамандығының студенттері Юрий Сурушанов пен Жасұлан Төлегенов ұсынған электр құралдарының қызметі, әрекет ету принциптері қызықтырды.

         Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
129 queries