Кәсіптік бағдар беру

7 қазан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында Қостанай қ. мектеп оқушылары үшін кәсіптер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Акт залында 8-11 сынып оқушылар құрамынан 369 оқушы талай байқаулардың жеңімпаздары Алмат Жанабай және Азамат Ариманның вокалдық орындауындағы, сондай-ақ «Мирас» хореографиялық тобының өнерлерін ұсынған концерттік бағдарламаны тамашалады. Бағдарлама жүргізушілері Әбілмансұр Хамитов және Алмат Жанабай даярлау жүргізілетін мамандықтарды таныстыру үшін алаңдарын дайындаған университеттермен және колледждермен таныстырды. 

Ұйымдастырушы педагог Анастасия Пушкареваның жетекшілігімен колледж еріктілері мектеп оқушыларын кәсіптердің бағыттары бойынша алып жүрді. Алаңдарда оқушыларға оқуға түсу шарттары жайлы, грант негізінде оқу, өндірістік оқу, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес берілді. Ақпараттық қолдау көрсетумен қатар қонақтарымыз әр кәсіпті толық түсіну үшін шеберлік сағаттарға да атсалысты. Оқушылар қарапайым кексті безендіру кезінде оның ертегіге айналуын зор қызығушылықпен бақылап тұрды! Түрлі өнімдердің қарапайым киізден жасалу тәсілдеріне ерекше тәнті болды! Бағдарламашы студенттер оқушыларға өз мүмкіндіктерін фотошоп бағдарламасымен жұмыс жасауда тексеруді ұсынды. 11 сынып оқушыларының көбісін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да білім алу және бір мезгілде әскери кафедрасында оқу мүмкіндігі қызықтырды. Оқушылар машина жасау технологиясымен танысу үшін токарлық және слесарлық шеберханаларында да болды. Бидай, ұн, жарма көрсеткіштерін анықтауда қолданылатын зертхана жабдықтарымен таныстырылды.

Университеттер мен колледж өкілдері барынша және толық көлемде оқушылардың сауалдарына жауап берді.         

 

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

 

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
128 queries