Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Колледждің кәсіптік бағдар беру қызметінің маңызды бағыты түрлі деңгейлердегі жаппай іс-шараларына қатысып, мектептермен бірлескен қызметті ұйымдастыру болып табылады. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ әлеуметтік тапсырысы аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжі «Кәсіп таңдау» жобасына қатыса отырып, Қамысты ауданының 8-ші және 11-ші сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Колледж студенттері оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандықтар бойынша студенттер дайындаған шеберлік сағаттарына оқушылар белсене ат салысты.

Оқушылардың назарына іс-шараның ұйымдастырушыларымен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.  Сахнада Жанабай Алмат пен Ариман Азаматтың тамаша орындауларындағы әндер шырқалды. «Мирас» би тобы өздерінің әсерлі билерімен көрермендердің көзайымына айналды.

            Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

 

Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries