КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ

27 қыркүйек күні колледж студенттері А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ алаңында қаланың мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты. 4 курс студенттері Юрий Сурушанов және Жасұлан Төлегенов электр пневмотранспортердің жұмыс істеу механизмі жайлы баяндап, оқушыларға көрнекі түрде көрсетіп берді. 2 курс студенті Карина Валеева оқушыларға заманауи жабдықта бидай сапасының көрсеткіштерін анықтауға үйретті. Оқушылардың көбісін әуе жастықшасымен кеме түйіндерінің жұмыс істеу қағидасымен қызықтырған 3 курс студенті, болашақ технолог Серик Салпенов. Біздің колледжіміздің мамандықтары қызықтарғандарға жарнама буклеттері таратылды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

 

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
122 queries