Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 74-жылдығына арналған «Біз есте сақтаймыз» атты мерекелік концерт

3 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 74-жылдығына арналған «Біз есте сақтаймыз» атты мерекелік концерт өтті. Жыл сайын оқу орнында Жеңіс күні қарсаңында бірнеше ұрпақтар кездесуі өткізіліп, барлық қатысушылар оны асыға күтеді.

Іс-шараның өткізу мақсаты жастарды патриоттық санаға, Отанға деген биік сезімге, халқының тарихи өткенін құрметтеуге тәрбиелеу болып саналады.

Мерекелік коцертке қатысушылар 300 адамды құрады.

Колледж қызметкерлері мен студенттері өз қонақтары-Ұлы Отан Соғысының ардагерлері-Дмитрий Петрович Наприенко, Григорий Антонович Казанов, Николай Алексеевич Шапошниковты, сонымен қатар тыл еңбеккерлерін ыстық сезімін қарсы алды.

Студенттер өз кезегінде, мерекеде жүрекке жылы тиетін концерттік нөмірлер дайындап, жеңімпаздар ұрпағына құрмет көрсетіп, залда жылы сезім жағдайын тудырды. Әскери сахналау, билер, әскери тақырыпта: «Журавли», «Десятый наш десантный батальон», « Ах, мой сынок», « Солдат» деген өлеңдер, тақпақтар және басқалары ешкімді бей-жай қалдырмады, көрермендер мен ардагерлер артистерге қосылып қуана-қуана әндер айтты.

Қонцерттен кейін ардагерлер студенттердің шынайы және әсерлі нөмірлеріне алғыс айтты. Ал студенттер оларға ашық аспанымыз үшін, тыныш өмір сүруге, сүюге мүмкіншілік жасағаны үшін алғыс сөздерін айтып, ардагерлерге мықты денсаулық, ұзақ өмір тіледі. Мерекенің аяғына дейін ұрпақтар бірлігінің қуанышы болды, одан кейін Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне мерекелік үстел жасалды. Кездесудің соңында, студенттер ардагерлерге Жеңістің оларға қандай құндылықпен келгенін әрқашан есімізде сақтаймыз деп уәде берді.

Ақпарат дайындаған ұстаз-ұйымдастырушы А.В. Пушкарева

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries