«WorldSkills Kostanay 2019» Өңірлік чемпионатының қорытындылары

2019 жылдың 12 сәуір күні «WorldSkills Kostanay 2019» Өңірлік чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі болды.

Worldskills – бұл халықаралық коммерциялық емес қозғалысы, оның мақсаты жұмыс кәсіптерінің мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. «WorldSkills Kostanay 2019» Өңірлік чемпионаты Қостанай облысында 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді, оған жас білікті жұмысшылар, 22 жасқа дейінгі колледж және университеттерінің студенттері қатысушы ретінде және әйгілі мамандар, өндірістік оқыту шеберлері және тәлімгелер тапсырмалардың орындалуын бағалайтын сарапшылар ретінде қатысты. Байқауға қатысушылар барынша шындыққа жанасатын есептерді шеше отырып, өз техникалық қабілеттерін, жеке және ұжымдық қасиеттерін көрсетеді. Қатысу нәтижелері қатысушылардың тек қана жеке кәсіптік қасиеттерін көрсетіп қоймай, қатысушылардың кәсіптік деңгейі мен оқыту сапасының жалпы деңгейі жайлы айтады.

Біздің әлеуметтік серіктестеріміз «Баян Сұлу» АҚ, «Любимая Ева» ЖШС, «Костанай трейд» ЖШС, «Астыкжан-Костанай» ЖШС, «Baltic control Kazakhstan LTD» ЖШС, «Ласточка» ЖШС, «Лопатина» ЖК, «Сынар-групп» ЖШС, «Тобол Агро» ЖШС, «Достар-09» ЖШС, «Kegok» АҚ, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «Евразия Агро» ЖШС, «ID-GROUP» ЖШС алаңдар жұмысына белсенді қатысты.

Сараптамалық қауымдастығы «KostanaySoft» ЖШС, «Баян Сулу» АҚ,  «КЕGОС» АҚ РҚА, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «Энергомонтаж Куат» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Достар 09» ЖШС сияқты Қазақстандағы жетекші кәсіпорындарының жоғары білікті мамандарымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сарапшыларымен ұсынылды.

Биыл «WorldSkills Kostanay 2019» Өңірлік чемпионатына Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында 38 қатысушы қатысты:

  1. «Веб-дизайн» құзыреті бойынша 5 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі» КМҚК, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК, «ҚИнЭУ колледжі» ЖМ).
  2. «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша – 6 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай құрылыс колледжі» КМҚК, «Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі» КМҚК, «ҚИнЭУ колледжі» ЖМ, «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК).
  3. «Кондитерлік ісі» құзыреті бойынша – 6 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК, «Қостанай қызмет көрсету колледжі» КМҚК, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті», «Gurme» ЖК, «Баян Сулу» АҚ).
  4. «Нан пісіру шеберлігі» құзыреті бойынша – 5 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Қостанай қызмет көрсету колледжі» КМҚК, «Рудный технология және сервис колледжі» КМҚК, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті», «М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ» ЖМ).
  5. «Бидай және оны өндеуден алынған өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті бойынша – 5 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Агро Корн» ЖШС, «Тобол Агро» ЖШС, «Жоғары агротехникалық колледжі» (Ақмола қ.), «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті».
  6. «Электромонтаждау» құзыреті бойынша – 11 қатысушы («Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Федоров ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК, «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» ЖМ, «Лисаков техникалық колледжі» КМҚК, «Рудный тау-кен-технологиялық колледж» КМҚК, «Арқалық политехникалық колледжі» КМҚК, «Кәмшат Дөненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК, «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК, «Әулиекөл ауыл шаруашылық колледжі» КМҚК, «ҚИнЭУ колледжі» ЖМ, «Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК).

Сондай-ақ, біздің студенттеріміз басқа колледждердің алаңдарында төмендегі құзыреттер бойынша қатысты: ««Инженерлік дизайн CAD» және «Желілік және жүйелік әкімшілендіру».

Қатысуға өтініш еткен барлық құзыреттер бойынша студенттеріміз жүлделі болды:

  1. «Веб-дизайн» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы Владислав Кулик, бас сарапшы Е.Н.Тулегенов, сарапшы-компатриот В.В.Задорожнюк;
  2. «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы Зарина Калиханова, бас сарапшы М.К.Сагумбаев, сарапшы-компатриот Д.П.Кузин;
  3. «Кондитерлік ісі» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы Жаннар Мурзахметова, бас сарапшы А.М.Саидов, сарапшы-компатриот Ж.Е.Балгужинова; 2 орын, қатысушы Марина Зеленцова, сарапшы-компатриот Л.А. Павлова;
  4. «Нан пісіру шеберлігі» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы Анастасия Малык, бас сарапшы И.А.Рядинская, сарапшы-компатриот Н.С.Мкртчян;
  5. «Бидай және оны өндеуден алынған өнімдерінің сапасын анықтау» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы Анастасия Князева, бас сарапшы Е.Т.Риженко, сарапшы-компатриот С.С.Изделюева;
  6. «Электромонтаждау» құзыреті бойынша – 1 орын, қатысушы А.Е.Калинин, бас сарапшы О.И.Шрайбер, сарапшы-компатриот С.А.Назаренко;
  7. «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» – 3 орын, қатысушы И.Кондратьев, сарапшы Мадин В.А.

Өз құзыреттері бойынша жеңген байқауға қатысушылар Қостанай облысының құрама командасына енді және Нұр-Сұлтан қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемпионатында облысымыздың намысын қорғамақ.

Материалды директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
148 queries