“Web дизайн” және “Кондитерлік іс” құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay 2019 Аймақтық чемпионаты

4-6 сәуір аралығында Қостанай жоғары политехникалық колледжі қабырғасында “Web дизайн” және “Кондитерлік іс” құзыреттілігі бойынша WorldSkills Kostanay 2019 Аймақтық чемпионаты өткізілді.

Қостанай жоғары политехникалық  колледжінде WorldSkills қозғалысы табысты дамып келеді, оның мақсаты-жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Қостанай жоғары политехникалық  колледжі үш жыл бойы WorldSkills аймақтық чемпионатының 6 алаңын өткізу үшін негізгі база болып табылады.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі Kazakhstan Ұлттық чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, колледж студенттері-Russia 2017 халықаралық чемпионатының күміс медаль иегерлері, WorldSkills Abu-Dhabi-2017, Еuroskills Budapest 2018 Әлем чемпионатының қатысушылары.

Осы кәсіби құзыреттілік бойынша жарысқа үш күн бойы WorldSkills Kazakhstan аймақтық чемпионатының бағдарламасына кіретін тапсырмаларды орындайтын Қостанай облысының үздік студенттері қатысты.

Сараптамалық қауымдастық Қостанай қаласында жетекші IT-компания ID-GROUP, Қазақстан Республикасының кондитерлік өнімдерін өндіру бойынша ірі кәсіпорыны “Баян Сұлу” АҚ-ның жоғары білікті мамандарымен, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сарапшыларымен ұсынылған.

Өз құзыретінде  жеңіске жеткен қатысушылар Қостанай облысының құрамасына   кіреді және Нұр-сұлтан қаласындағы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады.

Материалды дайындаған: директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Кайпбаева Ж.Ш.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
160 queries