Ұйым дамуының жетістігі сапа менеджментіне байланысты

Жоғары колледждің ішкі аудиторлары Ш.Р.Бажирова, А.С.Сегизбаева, А.К. Исмагамбетова және Г.Л.Тайкова «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК ҚФ ұйымдастырылған семинарға қатысты. Семинардың қатысушылары ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсыныстар» стандарттарының мазмұнымен танысты. Лектор Г.К.Каримова ережені түсіндіріп, ұйымның тұрақты табысқа жетуі үшін тарауларды түсінуге және өз қызметінде қолдана білуіне нақты кеңестер берді. Көшбасшылық, жауапкершілік және ұйымдағы процестері бойынша өкілеттік рөлі толық ашылды. Стандартта тұрақты табысқа жетуге ұжыммен жұмыс жасау үшін ішкі аудиторларға түрлі формалар мен әдіс-тәсілдерін қолдану бойынша нақты ұсыныстар келтірілді. Семинар аяқталуымен тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
145 queries