«Астық және оны өңдеуден алынған өнімдер сапасын анықтау», «Графикалық дизайн», «Нан пісіру шеберлігі» және «Электрмен қамту» құзыреттері бойынша WorldSkills Kostanay 2019 Өңірлік чемпионаты

9-10 сәуір күні Қостанай жоғары политехникалық колледжінің базасында «Астық және оны өңдеуден алынған өнімдер сапасын анықтау», «Графикалық дизайн», «Нан пісіру шеберлігі» және «Электрмен қамту» құзыреттері бойынша

WorldSkills Kostanay 2019 Өңірлік чемпионаты өтеді.

WorldSkills Kostanay 2019 Өңірлік чемпионаты – бұл кәсіптік бағдар беруге, отандық білім беру жүйесіне ең үздік әлемдік тәжірибелерін енгізуге, жұмыс кәсіптерінің мәртебесі мен жұмысшылардың біліктілігін арттыруға, жастарды экономиканың өндірістік секторларына тартуға себеп болатын  техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасында WorldSkills стандарттары бойынша кәсіптік шеберліктің ең ірі көлемдегі жарысы.

Қостанай жоғары политехникалық колледжі үш жылдың ішінде Өңірлік чемпионаттың төмендегі 6 алаңын өткізуге база болды:

  • «Веб-дизайн»;
  • «Астық және оны өңдеуден алынған өнімдер сапасын анықтау»;
  • «Графикалық дизайн»;
  • «Нан пісіру шеберлігі»;
  • «Кондитерлік ісі»;
  • «Электромонтаждау».

         «Баян Сулу» АҚ, «Любимая Ева» ЖШС, «Костанай трейд» ЖШС, «Астыкжан-Костанай» ЖШС, «Baltic Control Kazakhstan LTD» ЖШС, «Ласточка» ЖШС, «Лопатина» ЖК, «Сынар-групп» ЖШС, «Тобол Агро» ЖШС, «Достар-09» ЖШС, «Kegok» АҚ, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «Евразия Агро» ЖШС, «ID-GROUP» ЖШС сияқты әлеуметтік серіктестеріміз алаң жұмысына белсенді қатысады.

Колледж зертханалары WorldSkills Чемпионатын жоғары деңгейде өткізуге заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Аталған кәсіптік құзыреттіліктер бойынша жарыстарға WorldSkills Kazakhstan Өңірлік чемпионатының бағдарламасына енетін тапсырмаларды екі күн бойы орындайтын Қостанай облысының ең үздік студенттері қатысатын болады.

Сараптамалық қауымдастығының құрамында «KostanaySoft» ЖШС, «Баян Сулу» АҚ,  АО «КЕGОС» АҚ РҚА, «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, «Энергомонтаж Куат» ЖШС, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Достар 09» ЖШС сияқты Қазақстандағы жетекші кәсіпорындарының жоғары білікті мамандары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының сарапшылары бар.   

Өз құзыретінде жеңген байқауға қатысушысы Қостанай облысының құрама командасына енеді және Нұр-Сұлтанда өтетін WorldSkills Kazakhstan Ұлттық Чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.

Өткізілетін орны: Қостанай жоғары политехникалық колледжі, Қостанай қ., Қобыланды батыр даңғ., 3.

Байқаудың ашылуы: 2019 жылдың 9 сәуір күні сағ. 9.00-де.

Материалды директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Ж.Ш. Қайпбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
132 queries