1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша: тәжірибе, проблемалар, келешегі» жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын енгізу мониторингі» дөңгелек үстел.

«Нұрлы жол» бағдарламасын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында Қостанай жоғары политехникалық колледжінде 2016 жылдан 2019 жылға дейін 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі», 0902000 «Электрмен қамту (салалар бойынша)» мамандықтары бойынша еліміздің индустриялық-инновациялық даму үшін жоғары білікті мамандарын даярлау жұмысы жүргізіліп келеді.

Ол ҚР Білім және ғылым министрлігінің және еліміздің әр өңірінде «өсім нүктесін» жасаумен айналысатын «Кәсіпқор» Холдингінің ұйымдастыруымен жүзеге асырылады. Бұл техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа инфрақұрылымымен 16 колледж желісі. Қостанай облысында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктесі болып Қостанай жоғары политехникалық колледжі атанды.

Колледж «Кәсіпқор» Холдингімен бірлесе 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту жобасын аяқтады. Ең бірінші УТЗ-19 тобы шығарылды.

Эксперименталды жұмысының аяқталуына байланысты 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша: тәжірибе, проблемалар, келешегі» жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын енгізу мониторингі» тақырыбы төңірегінде жұмыс берушілер мен колледж түлектерін шақырумен эксперименталды жұмыс қорытындыларын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелдің жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің жетекшісі Марал Мендыбайқызы Боқаева, жоғары колледждің әлеуметтік серіктестері Нина Ханапияқызы Абдықалықова – «Baltic Control Kazakhstan» ЖШС өңірлік өкілдігінің зертхана меңгерушісі, Сәуле Қайратқызы Ищанова  – Тамерлан Корпорациясы ЖШС зертханашысы, УТЗ-19 тобының түлектері Алексей Выймов, Максим Геращенко, Айша Сарсембаева, Зинара Сахина қатысты.  

Форумның жұмысын аша отырып, М.М.Боқаева Қостанай жоғары политехникалық колледжінің эксперименталды тәртібінде жұмыс істейтін инновациялық оқу мекемесі екенін атап өтті. Колледж техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын жаңарту бойынша «өсім нүктесі» бола алды. WorldSkills Казахстан чемпионатында «Бидай және оны өндеуден алынған өнімдер сапасын анықтау» құзыреті бойынша студенттеріміздің жеңісі астықты қайта өңдеу саласында мамандарды жоғары деңгейде даярлаудың дәлелі болды.

Дөңгелек үстел бағдарламада мәлімденген спикерлердің төмендегі тақырыптар бойынша баяндамалары жалғасын тапты: жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу жағдайында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік кеңістігі; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша жаңа ұрпақтың білім беру бағдарламаларын енгізу тәжірибесі; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығының эксперимент жағдайында жаңа білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау басымдылықтары мен артықшылықтары; 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша эксперимент жағдайында өндірістік оқытуды ұйымдастыру; «Қостанай жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында 1216000 «Элеватор, ұн тартатын, жармалық және құрама жем өндірісі» мамандығы бойынша Worldskills Kazakhstan ұлттық чемпионатын ұйымдастыру және өткізу. Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында бағдарламада белгіленген барлық мәселелер бойынша құрылымды сұхбат болды.

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
133 queries