Кәсіппен өндірісте танысу.

Практика меңгерушісі Юлия Владимировна Матвиенко № 22 ОМ оқушылары үшін колледждің зертханалары мен әлеуметтік серіктес кәсіпорындарының цехтары бойынша таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды. Оқушылар машина жасау бойынша оқу шеберханаларындағы жабдықтардың жұмысын көргенмен қатар, қайта өңдеу өндірістер кәсібінің зертханаларына және оқу наубайханасына барды. Технолог студенттер тәжірибелік сабақтарында дайындаған тәтті өнімдерімен қонақтарға дәм таттырды.

Колледждегі экскурсиядан соң оқушылар «Костанай Трейд» ЖШС және «КПЗ» ЖШС кәсіпорындарына барды, онда бидай өнімдерін қайта өңдеу өндірістік үрдістерінің технологиясымен танысуға мүмкіндік болды. 

 

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
139 queries