«Жас құрастырушылар-техника әлеміне» облыстық байқауы

2018 жылдың 29 қараша күні «Жас құрастырушылар-техника әлеміне» атты қолданыстағы электрлендірілген үлгілер мен макеттердің облыстық байқауы өтті. Байқау мақсаты – техникалық модельдеу және құрастыру саласында студенттердің қызығушылығын ынталандыру, техникалық шығармашылығы саласында білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсету үшін жағдай жасау. Байқауға Қалалық балалар шығармашылығы мектебінен, Лисаков техникалық колледжінен, Қостанай ауыл шаруашылық колледжінен, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінен, Арқалық политехникалық колледжінен, Федоров ауыл шаруашылық колледжінен, ҚИНэУ колледжінен, Қостанай жоғары политехникалық колледжінен қатысушыларын дайындаған жетекшілері мен студенттер қатысты. Байқауға электроэнергетика, ауыл шаруашылығы мен машина жасау саласындағы қолданыстағы қызықты модельдері ұсынылды. Барлық ұсынылған жұмыстар қызықты дизайндарымен, техникалық шешімімен және бірегейлігімен ерекшеленді. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын әділқазылар алқасы бағалады: төрайымы Қанағат Анварбекқызы Алекешова – Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік жұмысын дамыту секторының меңгерушісі.

Әділқазылар мүшелері: Игорь Владимирович Кошкин  – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті «Электроэнергетика» кафедрасының жетекшісі; техникалық ғылымдарының кандидаты; Даулет Дембаев – Қостанай құрылыс колледжі; Олег Александрович Ростиславов – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті «Энергетика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы; Азамат  Алматұлы Байкенов  –  Межрегионэнерготранзит кәсіпорынының Қауіпсіздік техникасы мен төтенше жағдайлар бойынша инженері.

Байқаудың жеңімпаздары бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдарымен марапатталды:

«Электроэнергетика» номинациясында

бірінші дәрежедегі дипломымен Александр  Сергеевич Углов,  Николай  Николаевич Потапов  Федоров ауыл шаруашылық колледжі – «Ақылды үй» жүйесіндегі «Светоч» атты жобасы үшін марапатталды;

екінші дәрежедегі дипломымен Александр Гемпик, Алексей Егоров – Қостанай жоғары политехникалық колледжі «110/35/10 кВ ҚС электрмен қамту жүйесін автоматтау» атты жобасы үшін марапатталды;

үшінші дәрежедегі дипломымен Серікболсын Сайлауұлы Сайлау– Арқалық политехникалық колледжі – «Жиналмалы дәнекерленген электр мангалы» атты жобасы үшін марапатталды.

«Ауыл шаруашылық» номинациясында

бірінші дәрежедегі дипломымен Абдулла Туебаев – Қостанай жоғары политехникалық колледжі, «Мал шаруашылығы фермасын автоматтау» атты жобасы үшін марапатталады;

екінші дәрежедегі дипломымен Жасулан Тулегенов – Қостанай жоғары политехникалық колледжі «Пневмотранспортер үлгісі» атты жобасы үшін марапатталды.

«Машина жасау» номинациясында

бірінші дәрежедегі дипломымен Серик Салпенов  – Қалалық балалар шығармашылығы мектебі, «Экраноплан» атты жобасы үшін марапатталды;

екінші дәрежедегі дипломымен Никита Карпов Қостанай жоғары политехникалық колледжі, «ЧПУ әмбебап белдегі» атты жобасы үшін марапатталды;

үшінші дәрежедегі дипломымен Александр Красвитин – Қалалық балалар шығармашылығы мектебі «Высокоточный станок  для проточки  коллекторов  микроэлектродвигателей» атты жобасы үшін марапатталды.

                Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Шрайбер О.И. дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
122 queries