«Junior Skills Kostanay – 2018» байқауы

Электр техникалық ЦӘК апталығын өткізу аясында, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында 27.11.18 ж. Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары арасында «Электромонтажды жұмыстар» атты құзыреті бойынша «Junior Skills Kostanay – 2018» байқауы өткізілді. Байқауға М.Горький атындағы гимназиясының, С.Мәуленов атындағы гимназиясының, №18 мектеп гимназиясының, № 17 және № 5 ОМ 9 сынып оқушылары қатысты. Байқау екі алаңда өткізілді, әрқайсысында 10 қатысушыдан: №214 кабинетінде оқушыларға қосындының кезекті тізбегін зерттеу жұмысын өткізу болса, №318 кабинетінде оқушылар электр жарықтандыру сұлбасын алдын ала жіберілген сұлбалары бойынша жөндеді.

«Junior Skills Kostanay – 2018» атты өткізілген байқау қорытындылары бойынша әділқазылар алқасы орындарды төмендегідей бөлді, № 214 кабинеті:

1 орынды №18 мектеп гимназиясының оқушысы Жандос Уразалин жеңіп алды;

2 орынға №18 мектеп гимназиясының оқушысы Илья Катанаев ие болды;

3 орынды – №5 орта мектебінің оқушысы Евгений Дорожкин иеленді.

№ 318 кабинет:

1 орынды М.Горький атындағы гимназиясының оқушысы Камиль Хабибулин жеңіп алды;

2 орынға, С.Мәуленов атындағы гимназиясының оқушысы Санжар Кабатаев ие болды;

3 орынды – №17 орта мектебінің оқушысы Никита Павличенко иеленді.

Ақпаратты арнайы пәндерінің оқытушысы Шрайбер О.И. дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
141 queries