Бүгінгі дұрыс таңдау – сенің ертеңгі болашағың.

4 желтоқсан күні Қостанай жоғары политехникалық колледжіне кәсіптермен танысу үшін Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары шақырылды.

Оқушылар үшін «WS Kazahkstan-2018» ұлттық чемпионатының базалық алаңында экскурсия ұйымдастырылды, онда «Астықтың және оны өңдеуден алынған өнімдердің сапасын бағалау» атты құзыреті бойынша еліміздің ең үздік колледж студенттері байқау тапсырмаларын орындау барысында болды.

Дәрісханаларда оқушылар үшін шеберлік сағаттары өткізілді, студенттеріміз олардың мамандығы несімен маңызды екені жайлы баяндап берді. Оқушылар өз күштерін еңбекақыны есептеу, тәтті тоқаш өнімдерін өз қолымен жасау, электр «шыршаларын» жасау барысында сынап көрді. «Машина жасау» мамандығының студенттері оқытушылардың жетекшілігінде өз қолдарымен жасаған қолданыстағы үлгілерін көрсетті.

Шеберлік сағаттарға қатысу сол кәсіптің мазмұны жайлы көп білуге септігін тигізеді, ол оқушыларға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

ҚПК ақпараттық жүйесі
Тұтынушылардың құқығын қорғау
126 queries