Тірлікте мынау кәсіп көп, біреуін соны еншіле!

Өз болашағын үшін қай жолды таңдау, қай мамандық сұранысқа ие? Осындай күрделі сұрақтарға жауап табуға және таңдау жасауға мектеп оқушыларына көмекке Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенттері асығады.

7 қараша күні № 122 мектебінің 9 сынып оқушыларымен кездесуінде 4 курс студенті Никита Остапенко болашақ кәсіпті таңдауда өз ойымен және  кеңестерімен бөлісті. Оқушылар оның Анталияда тілдік тағылымдамаға қатысқаны туралы әңгімелерін қызыға тыңдады. Анталияға бару колледжімізде жоғары деңгейде дамыған халықаралық серіктестіктің арқасында мүмкін болып отыр. Оқытушы Бауыржан Байгентов колледж тарихы, келешегі, тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу орындары жайлы баяндап берді.

8 қараша күні Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектебінің 9 сынып оқушыларымен осы мектептің түлегі, колледжіміздің 3 курс студенті Асылбек Тулепов кездесті. Асылбек колледждің студенттік өмірі, кәсіби оқытушылардан дәріс ала отырып, қандай білім алғаны туралы, өзі оқитын электр механик мамандығының келешегі туралы баяндап берді. Ақпараттық технологиялар бойынша колледж оқытушысы Марат Сагумбаев оқушыларды бағдарламашы кәсібінің барлық қыр-сырымен таныстырып, осы мамандықтың сұранысқа ие екенін атап өтті. Кездесу соңында оқушыларға жарнама буклеттері таратылып, колледжімізге шақыру қағаздары табысталды.

 

А.Сегізбаева дайындады

Leave a Reply
Войти с помощью: 

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Тұтынушылардың құқығын қорғау
140 queries